Саясат

Қожамжаров Федералдық тергеу бюросының басшылығымен кездесті

Тараптар сотталғандарды экстрадициялау және беру мәселелерін талқылады
Sputnik

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) директорының орынбасары Дэвид Л. Боудич бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Назарбаев пен бас прокурор Ақордада не айтты – видео

Шетелдік әріптестер екіжақты сындарлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соңғы үш жылда жалпы 16, оның ішінде АҚШ ФТБ-дан 6 сауал түскен, олардың барлығы толық іске асырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экстрадициялау тәртібі арқылы тұлғаларды ұстап беру мәселесі жеке қозғалды, сондай-ақ сотталғандарды өз мемлекеттерінде жазасын өтеуге беру жөнінде келісім жасалды.

Бұдан бөлек, ФТБ делегациясы қадағалау органының қызметтері, оның міндеттері мен функциялары, халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер және елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты жаңғырту, сондай-ақ ізгілендіру бойынша реформалар туралы хабардар етілді.

ФТБ-ның трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысында үлкен тәжірибесін атап өткен Қ. Қожамжаров осы мәселеде екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.