Оқиға

Қазақстанның батысында зымыран бөлшегі табылды

Бөлшектер табылған аумақтағы радиация мөлшері қалыпты деңгейде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ
Sputnik

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанның батыс өңірінде зымыран бөлшегі табылды.

Қостанай облысы аумағына зымыран бөлшектері құлатылуы мүмкін

Атырау облысы Құрманғазы ауданында қураған шөп өртеніп, ерікті өрт сөндірушілер жасағы өрт сөндіру кезінде тауып алды.

Ақпаратты Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Sputnik агенттігіне растады.

Комитеттің мәліметінше, өңірдегі радиация деңгейі нормадан ауытқымаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Зымыран құлауының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Зымыраннан қорыққан адамдар үйлену тойын тастап, қаша жөнелді — видео