Қоғам

Ресейде қазақстандық әйел комаға түсті - СІМ оның туыстарын іздеп жатыр

Ресейде микроавтобус апаты салдарынан қазақстандық әйел зардап шеккен
Sputnik

АСТАНА, 25 тамыз — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қызметкерлері Алтайда зардап шеккен әйел адамның туған-туыстарын іздеп жатыр.

Токиода алты жасар қазақстандық көз жұмды

Сыртқы саясат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 75 жастағы Білімбай Хасен комаға түскен. Осыған байланысты қарт әйелдің туған-туыстарынан министрліктің консулдық қызмет департаментіне хабарласу сұралды: + 7 (7172) 72-03-25, 72-04-34, немесе Қазақстанның Омбыдағы консулдығы +7 (3812) 32-52-07, 32-52-13, +7 965 981-77-77.

Алтай Республикасында микроавтобустың аударылуынан зардап шеккен. Оқиға салдарынан әйел адам бас сүйек-ми жарақатын алып, жансақтау бөліміне жатқызылыпты.