АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.
"Жоғары циклонға байланысты бұлтты массив Қазақстанның солтүстігінде орын тепкен. Алдағы үш тәулікте осы циклонның ықпалынан солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде қатты дауылды жел, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін", — деп хабарлайды синоптиктер.
Солтүстік облыстарда сенбі және жексенбі кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ал ауа температурасы осы кезеңде орташа көпжылғы мәндер шамасында және кей жерлерде нормадан 2-4°С төмен болады.