Әлем

Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады

Итімен бірге қыдырып жүрген 11 жасар қыз азғынның құрбаны бола жаздады
Sputnik

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қыз баланы иті педофилдің қолынан құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik "Фонтанка" басылымына сілтеме жасап.

Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан

Оқиға Ленинград облысы Сясьстрой қаласында 22 тамызда болған. 11 жасар қыз питбульмен (ит тұқымы) бірге серуендеуге шыққанда, белгісіз ер адам тап береді. Ол баланы аяғынан ұстап, орманға сүйрей жөнелген, тіпті қызды таяқпен ұрып бара жатады. 

Сол кезде питбуль тұмылдырығын тістелеп, шешіп, азғынға шабуылдайды. Ер адам қызды тастап, иттен қашуға мәжбүр болған.

Оқиғаны полицияға қыздың анасы айтып беріпті. Құқық қорғаушылар қазір күдіктіні іздеп жатыр.