Әлем

Педофил өз құрбанының жерлеу рәсіміне қатысқан

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті жеті жасар бүлдіршінді зорлап, тұншықтырып өлтіргеннен кейін, қызды іздеу шараларына қатысып, оған дейін

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Жеті жасар қызды зорлап, аяусыз өлтірді деген күдікпен ұсталған Самара тұрғыны Николай Захаров баланың жерлеу рәсіміне қатысқан. Бұл туралы "Комсомольская правда" хабарлайды.

Күдікті тіпті қыз баланы іздеу шараларына да қатысыпты. Негізінде, ол кезде бүлдіршінді зорлап, тұншықтырып өлтірген еді.

ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура

Жас жігітті таныстары жақсы қырынан ғана біледі. Ашық жарқын, қақ-соғы жоқ деп сипаттайды. Алайда кейбіреулердің айтуынша, ол мектепте сабақты екіге оқыған.

23 жастағы Захаров қорқынышты фильмдерді жақсы көреді екен. Бұл оның әлеуметтік желіде жазылған топтарынан байқалып тұр.

Жеті жасар қыз 20 шілдеде ағасымен қырдыруға кетіп, із-түзсіз жоғалған. Ата-анасы бірден полицияға арыз береді. Баланы құқық қорғаушылар мен еріктілер түні бойы іздепті. Келесі күні бүлдіршіннің денесі зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Қылмыс жасады деген күдікпен баланың көрші ұсталып, жасаған қылмысын мойындады. Кейінірек сот  ер адамды 21 қыркүйекке дейін қамауға алуға шешім қабылады.

Тағы оқыңыз:

Жаңалықтар
0