Өңірлер

Қостанайлық жігіт достарын полицияға ұстатып жіберді

Жігіттің айтуынша, оны достары ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған
Sputnik

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қостанайда достарымен бірге арақ ішкен тұрғын полицияға арыз түсірді. Айтуынша, екі жігіт соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті

Оқиға 19 тамызда болған. Сағат 20.00 шамасында Қостанай қаласының тұрғыны "102" пультіне қоңырау шалып, өзін екі досы тонап кеткенін айтқан.

Полицейлерге жәбірленуші хабарлағандай,  олар Кубеев-Қайырбеков көшелерінің маңайындағы жанармай құю бекетінің жанында ішімдік ішкен. Содан кейін оны бір досы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Күдіктілер ізін суытқан, ал жәбірленуші сол маңнан өтіп бара жатқан такси жүргізушіден полиция шақыруды өтінген, деп жазды alau.kz.  

"Жәбірленуші бізге күдіктілердің белгілерін хабарлады. Шағын ауданды патрульдеу кезінде балконға жасырынған екі адамды байқадық", — дейді полиция сержанты Әлібек Ибраев. 

Шымкентке қонаққа келген азамат бар ақшасынан айырылып қалды 

Күдіктілер қашуға әрекеттенген жоқ. 25 жастағы жігіттердің бірінен полиция ұрланған телефонды тәркіледі. Жәбірленуші өзінің достарын таныды. Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес "Тонау" бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.