Қоғам

Қазақстан мен Өзбекстан шекарадағы кептеліс мәселесін шешті

"Б. Қонысбаев" (Қазақстан) – "Яллама" (Өзбекстан) бекеттерінен Өзбекстан транзиті арқылы жүретін жүк көліктері өтетін болады
Sputnik

АСТАНА, 23 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кептеліс мәселесі көліктерді бірнеше бекетке бөлу арқылы шешілмек.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұр

Өткен аптаның 16 тамызында "Б. Қонысбаев" (Қазақстан) пен "Яллама" (Өзбекстан) өткізу бекеттерінде жүздеген көлік кептелісте тұрған еді.

Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтерінің бірінші жетекшілері кептелісті көліктерді бірнеше бекеттерге бағыттау арқылы шешпек:

• "Қапланбек" (Қазақстан) — "Навои" (Өзбекстан);
• "Қазығұрт" (Қазақстан) — "С.Нәжімов" (Өзбекстан);
• "Атамекен" (Қазақстан) — "Сырдәрия" (Өзбекстан).

Халықаралық дәрежедегі бұл бекеттер аптасына 7 күн демалыссыз жұмыс істейді.

Бес мемлекет Каспий теңізін ресми түрде бөліп алды

Қазақстан Қаржы министрлігі комитеті "Б. Қонысбаев" (Қазақстан) пен "Яллама" (Өзбекстан) бекеттерінен Өзбекстан транзиті арқылы жүретін жүк көліктерінің өткізілетінін айтады. "Б. Қонысбаев" және "Қапланбек" бекеттерінің арасы 90 километр, "Қазығұртқа" дейін 120 километр, ал "Атамекенге" дейін 60 километр.