Өңірлер

Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?

Зерттеу нәтижесі бойынша, сиырлар уланып қалған екен
Sputnik

АСТАНА, 22 тамыз — Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, Ақтөбе облысында ірі қара малдың дертке шалдыққаны анықталмаған.

Моңғолияда 66,2 млн мал басына жайылым жетпей жатыр

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, шаруа қожалығында улы шөп жеген 120 асыл тұқымды сиыр жаппай қырылған. Шетелден сатып әкелініп, ерекше жағдайда баптап өсіріп жатқан ірі қара мал уланып өлді, деп қорытынды жасады мал дәрігерлері.

Кейінірек ауыл шаруашылығы министрлігі нақтылап өткендей, шаруа қожалығында 253 сиыр қырылған. Мамандар малдың еті мен қорегінен сынамалар алып, Республикалық ветеринарлық лабораторияда тиісті зерттеулер жүргізілді.

Мал шаруашылығы 500 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамтиды

Сараптама нәтижесі бойынша, мал улану салдарынан жаппай қырылыпты, жануарлардың ағзасында алколоид мөлшері көбейіп кеткен – олар қоректенген шөп құрамында есек мия болған көрінеді. Ірі қара малдан аса қауіпті дерт анықталмады.

Енді улы шөптің фермаға қалай жеткізілгенін тергеушілер анықтайтын болады.