Оқиға

Құрбан айтта президент сөйлеп жатқанда зымыранмен соққы жасалды

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, оқиғаның мән-жайы хабарланбады
Sputnik

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Ауғанстан басшысы Ашраф Гани Құрбан айт мейрамына орай сөз сөйлеп жатқан кезде президент сарайына зымыранмен бірнеше соққы жасалды, деп жазды РИА Новости Tolo news телеарансына сілтеме жасап.  

БАҚ-тың мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де (Астана уақытымен сағат 10:30) болды. Снарядтар президент сарайы мен бірнеше елдің елшілігі орналасқан Кабулдың үкімет орамына қарай ұшырылған. 

News хабарлағандай, Ауғанстанның қауіпсіздік күштері шабуыл жасады деген күдікке ілінген екі көтерілісшінің көзін жойды, ұрыс жалғасып жатыр. 

Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.  

21-23 тамыз күндері бүкіл әлемнің мұсылмандары басты мерекелердің бірі – Құрбан айтты тойлайды.