АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Ауғанстан басшысы Ашраф Гани Құрбан айт мейрамына орай сөз сөйлеп жатқан кезде президент сарайына зымыранмен бірнеше соққы жасалды, деп жазды РИА Новости Tolo news телеарансына сілтеме жасап.
БАҚ-тың мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де (Астана уақытымен сағат 10:30) болды. Снарядтар президент сарайы мен бірнеше елдің елшілігі орналасқан Кабулдың үкімет орамына қарай ұшырылған.
News хабарлағандай, Ауғанстанның қауіпсіздік күштері шабуыл жасады деген күдікке ілінген екі көтерілісшінің көзін жойды, ұрыс жалғасып жатыр.
A group of insurgents in a truck launched numerous rockets from the Eidgah mosque area in #Kabul city and fired on the Presidential Palace. Two of them have been killed by security forces, clashes ongoing: security source confirmed. #Afghanistan pic.twitter.com/hHyonU76jx
— TOLOnews (@TOLOnews) 21 августа 2018 г.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
21-23 тамыз күндері бүкіл әлемнің мұсылмандары басты мерекелердің бірі – Құрбан айтты тойлайды.