Экономика

Астанада кейбір азық-түліктің бағасы арзандады

Қаладағы ірі сауда желілерінен азық-түлікті нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға болады
Sputnik

 АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша, тамыз айынан бастап елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандаған, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады?

Атап айтқанда, картоп бағасы 9,5%, сәбіз бағасы 13,9%, пияз бағасы 6,9 %, орамжапырақ бағасы 11,7 %, май бағасы 1, 4 %, қант бағасы 0,8 %-ға төмендеді.

Күнделікті мониторинг қаладағы ірі сауда желілерінен орамжапырақты, картопты, пиязды, қантты  нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға болатынын көрсетті. 

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өнімдерді жеткізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының аясында осы айда басқа да тауарлардың бағасы төмендейді деп болжануда. 

Риэлтолар Қазақстанда пәтер бағасы арзандап жатқанын айтты

Бұдан бөлек, "Шапағат" коммуналдық базарында сиыр етінің төменгі бағасы белгіленді. Сауда бағалары сегментінде оның құны 1350 теңгені құрайды. 

Еске салайық, әр демалыс күні қаланың 4 алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.