Экономика

Жарты жылда не қымбаттап, не арзандады?

© Sputnik / Сергей Венявский / Медиабанкке өтуҚарт адам, архивтегі фото
Қарт адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі инфляция туралы мәліметтерді жариялады, азық-түлік бағасы орташа 2,5%-ға өсті

АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. 2018 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында инфляция 2,7%-ті құрады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі. 

Зейнеткер - Sputnik Қазақстан
Экономика
Вице-министр мемлекет халықты тонайды дейтіндерге қарапайым есеппен жауап берді

Жеті айдың ішінде қызылша 35,7%, сәбіз 34,5%, құмшекер 12,1%, мәйекті ірімшік 8,1%, консервіленген сүт 7,1%, ірімшік және сүзбе – 6,3%, кофе 5,8%, сары май, ет өнімдері 4,5%, қышқыл сүт өнімдері 4,4%, қой еті 4%, жылқы еті 3,9%, сиыр еті 3,7%, жаңа сауылған сүт, шошқа еті 3,6%-ға қымбаттады.

Қияр 57,3%, қызанақ 44,2%, сарымсақ 26,7%, жұмыртқа 12,3%, тәтті бұрыш 10,4%, картоп 5,9%-ға арзандады.

Тұтастай алғанда, азық-түлік бағасы орташа 2,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3%-ға, ақылы қызметтер 2,8%-ға өсті.  

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында ең көп қымбаттағандары – дизель отыны (12,9%), құрылыс материалдары — 4,2%, автокөлік — 4,1%. Ал бензин 2%-ға арзандаған.    


Жаңалықтар
0