Өңірлер

Ыдыс жуатын сұйықтық ішіп қойған баланың анасы елден көмек сұрады

Асқазаны күйіп қалған балақайдың жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар, ол үшін Омбыда емделуі керек
Sputnik

АСТАНА, 21 тамыз — Sputnik. Өскеменде бір жасар қыз осы жылдың қаңтар айында абайсызда ыдыс жуғыш сұйықтықты ішіп қойған. Соның салдарынан қыздың асқазаны күйіп қалған.

Астана перзентханасында тағы бір әйел сәбиінен айырылды

"Біз Өскеменде жер үйде тұрамыз. Күн суытқан соң, көмір әкелуге сыртқа шыққан едім. Қайтып кіргенде, жүрегім тоқтап қала жаздады. Қызым химиялық жуғышты ішіп отыр екен", – дейді Айгүл Қуандықова.

Өңірлік Алтайньюс сайтының хабарлауынша, үш күн бойы сәбидің өмірі қыл үстінде тұрған.

"Дәрігерлер бүлдіршіннің күйіктен жиырылып қалған азқазанына жіп арқылы көздей тесік жасап қойған. Оның күші бір жарым аптаға ғана жетеді. Одан кейін асқазандағы күйік жиырылып, қызым қайтадан су да тамақ та іше алмай қалады", – дейді сәбидің анасы.

Осылайша балақайға 29 ем-шара жасалған. Әлбетте бұның барлығы баланың иммунитетіне өз әсерін тигізеді.

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы халықтан қаржылай көмек сұрады   

"Қызым жиі-жиі ауырып қалатын болды. Антибиотиктерді үсті-үстіне алып жатырмыз. Оңалар түрі жоқ. Арып, құр сүлдері қалды. Бұл күнде тіпті күлмейді", – дейді шарасыз ана.

Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

Ең бастысы үміт бар екен. Балақайдың жазылып кетуіне толық мүмкіндік бар. Ол үшін Омбыда  емделуі керек. Ондағы дәрігерлер сұйық азоттың көмегімен тыртықтарды емдейтін көрінеді. Операция қаралу, жатар орын, жол пұлымен бірге 400 мың теңгені қажет етеді.

Баланың анасы қалың елден көмек сұрайды. Көмек көрсету риквизиттері: Kaspi Gold: 5169 4931 8419 1693 ИИН: 870519302959 Куандыков Ерлан Женисович (әкесі) Halyk Bank: 4390 8782 6537 3257 ИИН: 630604400209 Давлетова Светлана Владимировна (апасы)

Астанада көз жұмған әйелдің күйеуі денсаулық сақтау министріне үндеу жасады