Әлем

Кемеден құлаған турист 10 сағат суда жүзуге мәжбүр болды

Туристі жағажай күзетшілері құтқарып қалды
Sputnik

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Ұлыбритания азаматы круиз лайнерінің бортынан суға құлап кетіп, Адрия теңізінде 10 сағат бойы жүзіп жүруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Еuronews.com басылымы.

Селфи жасамақ болған турист көпірді құлатты

Оқыс оқиға жексенбі күні Хорватиядан 100 километр қашықтықта түнгі сағат он екі шамасында болған. Жағажай күзетшілері туристі құтқарып қалды. Құтқарушылар британ әйелдің 10 сағат жүзгеннен кейін қатты әлсіреп қалғанын айтты.

Қырғызстанда қазақстандық туристерді тас басып қалды

Турист Пула ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтады. Дәл қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.