АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша мақұлданған өтініштер саны мыңнан асып кетті.
"20 тамыздағы ахуал бойынша 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде 11,9 миллиард теңге қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды", — деп хабарлады Ұлттық банк.
"7-20-25" бағдарламасы: пәтер алғандардың жалақысы қанша?
Айта кетсек, шілдеде іске қосылған бағдарламаның операторы — "Баспана" ипотекалық ұйымы.
"7-20-25" бойынша қазақстандықтар қандай пәтер алып жатыр?
"Баспана" хабарлағандай, ең сұранысқа ие пәтер түрі – ауданы 62 шаршы метр қос бөлмелі пәтерлер.
"7-20-25" бойынша алғашқы айлық нәтиже: қанша қазақстандық баспаналы болады
Атап өтсек, бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі.
Алаяқтар "7-20-25" операторымыз деп жұртты алдауда
Қазақстандықтарға мемлекеттік бағдарламаны бүркеніп, жұртты алдап жүрген алаяқтар туралы ескерту жасалды.
"Айталық, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ", — деп сақтандырады ипотекалық ұйым.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді бірқатар коммерциялық банк қабылдайды: ЦентрКредит, АТФ, Цеснабанк, Bank RBK және Еуразиялық банк.
Баспана салушы немесе тұрғын үй кооперативі несие бере алмайды, ал салушының пәтер құнын бөліп төлеуді ұсынуы "7-20-25" бағдарламасына жатпайды.