Экономика

"7-20-25": Мыңнан астам халық тұрғын үй бағдарламасымен баспана алады

CC0 / ming dai / Пәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазіргі ахуал бойынша 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түскен

АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Тұрғын үй бағдарламасы бойынша мақұлданған өтініштер саны мыңнан асып кетті.

7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы - Sputnik Қазақстан
Инфографика
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы

"20 тамыздағы ахуал бойынша 18,6 миллиард теңгеге қарыз алу үшін 1586 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде 11,9 миллиард теңге қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды", — деп хабарлады Ұлттық банк.

"7-20-25" бағдарламасы: пәтер алғандардың жалақысы қанша?

Айта кетсек, шілдеде іске қосылған бағдарламаның операторы — "Баспана" ипотекалық ұйымы.

"7-20-25" бойынша қазақстандықтар қандай пәтер алып жатыр?

"Баспана" хабарлағандай, ең сұранысқа ие пәтер түрі – ауданы 62 шаршы метр қос бөлмелі пәтерлер.

"7-20-25" бойынша алғашқы айлық нәтиже: қанша қазақстандық баспаналы болады

Атап өтсек, бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі.

Алаяқтар "7-20-25" операторымыз деп жұртты алдауда

Қазақстандықтарға мемлекеттік бағдарламаны бүркеніп, жұртты алдап жүрген алаяқтар туралы ескерту жасалды.

Ноутбук, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Баспана" АҚ пәтер алғысы келетін қазақстандықтарды сақтандырды

"Айталық, 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сынды түрлі акциялар пайда болды. Алайда олардың шарттары "7-20-25" бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді. Олардың "7-20-25" бағдарламасына еш қатысы жоқ", — деп сақтандырады ипотекалық ұйым.

Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді бірқатар коммерциялық банк қабылдайды: ЦентрКредит, АТФ, Цеснабанк, Bank RBK және Еуразиялық банк.

Баспана салушы немесе тұрғын үй кооперативі несие бере алмайды, ал салушының пәтер құнын бөліп төлеуді ұсынуы "7-20-25" бағдарламасына жатпайды.

Жаңалықтар
0