АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Ұлыбританияның Мидлсбро қаласының тұрғыны Сара Бейли төртінші баласына жүкті екенін тек босанар кезде түсінген. The Daily Mail басылымының хабарлауынша, ол осы күнге дейін жүктілігін аурумен шатастырып келген.
Британ әйелдің айтуынша, осы жүктілігі кезінде салмақ қоспаған, қан ақпаған, сондай-ақ, өзін сақтандыратын дәріні тұрақты түрде ішкен. Сол себепті 29 жастағы Бейли толғағы келгенде өзін жүктімін деп еш ойламаған. Анасы Пэй не болып жатқанын бірден түсініп, қызын босандырып, артынша шұғыл жедел жәрдем шақырған.
Біртанов Астанада үш әйелдің өліміне қатысты түсініктеме берді
Біраз уақыттан кейін шақалақ демалмай жатып қалады. Алайда дәрігерлер оған да, анасына да шұғыл көмек көрсетіп үлгереді. Қазір олар аман-сау үйлеріне жіберілді. Туғанда салмағы 3,5 килограмм болған қызға Дезайра деген есім берді.
Дәрігерлер Бейлидің жүктілігін білмеуін ұрықжолдастың жатыр алдында басқаша орналасуымен түсіндірді.
"Мен толғағым басталған дейін өзімнің жүкті екенімді білмедім. Адам айтса нанғысыз жағдай болды. Дезайраның жатырымда жатқанын білмегендіктен, ішімдік ішіп, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбаған едім. Сол себепті, өзімді оның алдында кінәлі сезінемін", — дейді британ әйел.
Сондай-ақ, ол өзге балаларының аяқ астынан пайда болған қарындастарымен қуана ойнап жүргендерін жеткізді.
Қостанайда үйде босанған әйелдің жағдайы қалай?
"Дезайра — тамаша жан және ол жүктіліктің басқаша өтуі мүмкін екендігінің мысалына айналды", — дейді ол.