Өңірлер

Ақмола облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол салды

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша тергеу және қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
Sputnik

КӨКШЕТАУ, 20 тамыз – Sputnik. Степногор қаласында пенитенциарлық мекемені күзету кезінде сарбаз өз-өзіне қол салды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік командованиесінің баспасөз қызметі.

Ақтауда әнұран айтудан бас тартқан екі сарбаз ауруханаға түсті

Оқиға 17 тамызда жұма күні қаланың әскери бөлігінде болған.

"7:25-те мекеменің күзетінде тұрған кезде, Қарағанды облысы қорғаныс істері бойынша департаменттен маусым айында шақырылған, 1997 жылы туған қатардағы сарбаз Д. өз-өзіне қол салды", — деді "Орталық" өңірлік командованиесінің баспасөз қызметі басшысы, подполковник Дос Қанат.

Аталған дерек Қазақстанның Қылмыстық кодексі 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Қазір тергеу және қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Подполковниктің сөзіне сүйенсек, сарбазды итермелеген себептер әлі белгісіз, өлер алдында хат жазып қалдырмапты. Мәйітін еліне жеткізіп, жексенбі күні жерлеген.

Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз ажал аузынан қалды (видео)