КӨКШЕТАУ, 20 тамыз – Sputnik. Степногор қаласында пенитенциарлық мекемені күзету кезінде сарбаз өз-өзіне қол салды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік командованиесінің баспасөз қызметі.
Оқиға 17 тамызда жұма күні қаланың әскери бөлігінде болған.
"7:25-те мекеменің күзетінде тұрған кезде, Қарағанды облысы қорғаныс істері бойынша департаменттен маусым айында шақырылған, 1997 жылы туған қатардағы сарбаз Д. өз-өзіне қол салды", — деді "Орталық" өңірлік командованиесінің баспасөз қызметі басшысы, подполковник Дос Қанат.
Қарағандыда сарбаздың қолында граната жарылып кетті
Аталған дерек Қазақстанның Қылмыстық кодексі 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген. Қазір тергеу және қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Подполковниктің сөзіне сүйенсек, сарбазды суицидке итермелеген себептер әлі белгісіз, өлер алдында хат жазып қалдырмапты. Мәйітін еліне жеткізіп, жексенбі күні жерлеген.