АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik.BoxingScene.com порталының танымал сарапшысы Стивен Эдвардс WBA (Super), IBO, WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің Сауль Альвареспен алғаш рет өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, қазақстандық спортшының қателіктерін атады.
Боксшылар алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында Лас-Вегастың T-Mobile аренасында кездескен болатын. Аталған кездесу нәтижесінде жеңімпаз анықталмады. 12 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесі қос боксшының тең түсуімен аяқталды.
Головкин Дениске: "Мәңгі жадымызда қаласың"
"Бірінші кездесуде Головкиннің соққылары дәл тимеді. Мұны үш түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, боксшы қарсыласының контрпанчтеріне бола белгілі бір соққылар жасағысы келмеді. Екінші — бұл соққылар өздігінен дәл тимеді. Бірақ, GGG жағдайында мұндай нәрсе болуы мүмкін еместігін жақсы білеміз. Үшінші — жекпе-жек қарқынын бәсеңдеткісі келді. Бұған "Канелоның" контрпанчтері себеп болуы мүмкін. Ал келесі кездесуінде Головкин қайтадан дәл соққылар жасауға көшті", — деп жазды автор.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Альварес 15 қыркүйек күні осы аренада қайта жұдырықтасатын болады. HBO арнасы оны ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетеді.