Қоғам

Энергетикалық сусындардың зияны туралы не білеміз?

"Коктейльден" кейін олардың жанында жыртқыш балық жүргенін сезбей қалатыны белгілі болды
Sputnik

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. АҚШ, Ұлыбритания және Бразилия елдерінен жиналған биологтар тобы спирт қосылған және энергетикалық сусындардың адамдар денсаулығына қандай кері әсері бар екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі Journal of Psychiatric Research журналында жарияланды. 

Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады

Ғалымдар спирт пен энергетикалық сусындардың басты қоспасы этанол мен тауриннің адам ағзасына тигізетін кері әсерін зерттеді. Тәжірибе барысында мамандар данио-рерио балықтарын екі аквариумге орналастырып, оның біріне су, екіншісіне аз мөлшерде таурин мен этиль спиртін қосты. Балықтар әрекеттерінде қандай өзгерістер болатынын білу үшін оларды кейін басқа балықтар жүрген аквариумге орналастырды.

Ғылыми тәжірибе нәтижесінде этанол мен таурин құйылған аквариумде жүзген данио-рерио балықтарының қоғамдық белсенділігі төмендегені анықталды. Сондай-ақ, "коктейльден" кейін олардың жанында жыртқыш балық жүргенін сезбей қалатыны белгілі болды.

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты

Осылайша Бразилиядағы Санта-Мария федералды университетінің мамандары тауриннің алкогольдің жағымсыз әсерін күшейтіп, тәжірибеге қатысушылардың қоғамдық белсенділігін төмендетіп, қорқыныш сезімін жойып жібереді, деген болжам жасады.

Ер адамдардың әйелдерге қарағанда ақылды екендері рас па?

Этиль спирті орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін кеңінен таралған депрессант болып табылады. Қорыта айтатын болсақ, алкогольді шектен тыс пайдалану көптеген физиологиялық, психологиялық проблемаларға әкеліп соқтырады.