Әлем

Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатар жүкті болып қалды

Аурухана басшылығы медбикелерге балаға арналған киім сыйлады
Sputnik

АСТАНА, 19 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Аризона штатындағы ауруханада бэйбибум болғалы тұр, деп хабарлайды CNN басылымы.

Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді

Месадағы медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде істейтін он алты медбикенің бәрі жүкті болып шықты. 

"Біразымыз бедеуліктен емделгенбіз. Бәріміздің аяғымыз ауыр екенін білгенде таңғалдым. Жүктілікті жоспарламаған едім. Бәрі келісіп алып, мен ғана білмей қалдым ба деп ойладым", — дейді медбикелердің бірі.

Бірақ ешқандай келісім болмаған. Бұл жай ғана кездейсоқтық екен.

Медбикелер қазір асханада бірге тамақтанып, жерігін басып жатады. Оларға арнап аспаздар арнайы пайдалы тағамдар да әзірлеп қояды екен.

Астанада тағы бір әйел сәбиінен айырылды

Аурухана басшылығы да болашақта медбикелердің жетіспей қалуы мүмкін екенін ескеріп, жоспар құрып жатыр. Қыркүйек және ақпан айларында босанатын медбикелер 12 апта демалыс алады.

Отыз жасында 8 баланың анасы атанған әйел аңсаған арманымен бөлісті

Аурухана әр медбикеге сәбиге арналған киім сыйлады, онда: "Саспа… менің анам – Медбике!" деп жазылған.