АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Бүгін Астана қаласында өткен тамыз конференциясы барысында министр Сағадиев неліктен үш ауысымдық мектептердің пайда болғанына тоқталды. Айтуынша, бала саны артқанымен, оларға мектепте орын жетіспейді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жан басына қаржыландыру механизмі енгізіліп, тиісті нормативтер бекітілді. Дәлірек айтсақ, Астана қаласында толығымен 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепте енгізілді. Бұл жұмыс Шымкент қаласында да басталды.
Үш ауысымды мектептер болуының басты себептері — демография және миграция. Дерек келтірсек, 2000 жылы елімізде 222 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы шамамен 400 мың балаға жетіп отырмыз. Бұл өте қуанышты жағдай. Бірақ жаңа мектептер салуға бұрын-соңды болмаған сұранысты тудырып отыр", — дейді министр.
2017 жылдың қорытындысы бойынша, 320 мыңнан астам азамат аймақаралық миграцияға қатысқан. Мысалы, 2017 жылы Астанаға еліміздің басқа аймағынан 80 мыңға жуық адам көшіп келді, олардың 17 мыңға жуығы балалар. Бұл шамамен жыл сайын жаңа 15 мектеп салуға қажеттілік тудырады.
Қазақстанда ұстаздардың үстемақысы көтерілуі мүмкін
"Мемлекет мектепті жаппай салуға бұрын болмаған қаражат бөлсе де, осы мәселені толығымен шешу үшін бизнестің қатысуы өте маңызды. Жан басына қаржыландыру арқылы жекеменшік компанияларды мектептерді салу жұмысына тартуды барлық қалада бүгінгі күннен бастап қолға алу қажет. Республикалық бюджетте жекеменшік компанияларға инвестицияны қайтарып беру қаражаты қарастырылған, нормативтік базамыз бар, Астана қаласы бастап кетті. Облыстардың әкімдеріне осы мәселеге назар аударуды сұраймын", — дейді Ерлан Сағадиев.