Қоғам

"Бала көп, мектеп жоқ". Сағадиев Астанадағы басты проблеманы көтерді

© Sputnik / Ксения ВоронинаҚыз кітап оқып отыр, архивтегі фото
Қыз кітап оқып отыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанаға 17 мың бала көшіп келді. Бұл шамамен жыл сайын жаңа 15 мектеп салуға қажеттілік тудырады

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Бүгін Астана қаласында өткен тамыз конференциясы барысында министр Сағадиев неліктен үш ауысымдық мектептердің пайда болғанына тоқталды. Айтуынша, бала саны артқанымен, оларға мектепте орын жетіспейді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жан басына қаржыландыру механизмі енгізіліп, тиісті нормативтер бекітілді. Дәлірек айтсақ, Астана қаласында толығымен 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектепте енгізілді. Бұл жұмыс Шымкент қаласында да басталды.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі, директорлар тек 4 жылға тағайындалады
"Жан басына қаржыландыру — маңызды мәселенің бірі, жергілікті атқарушы органдарға осыған жеткілікті назар аударуды сұраймын. Себебі, республикалық бюджет есебінен жыл сайын 110-нан 170-ке дейін мектеп салынады. Алайда, үш ауысымды және апатты мектептер проблемасы сақталуда. Бұл проблеманы ірі қалаларда жан басына қаржыландыру механизмі арқылы шешетін боламыз.

Үш ауысымды мектептер болуының басты себептері — демография және миграция. Дерек келтірсек, 2000 жылы елімізде 222 мың бала дүниеге келсе, 2016 жылы шамамен 400 мың балаға жетіп отырмыз. Бұл өте қуанышты жағдай. Бірақ жаңа мектептер салуға бұрын-соңды болмаған сұранысты тудырып отыр", — дейді министр.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, 320 мыңнан астам азамат аймақаралық миграцияға қатысқан. Мысалы, 2017 жылы Астанаға еліміздің басқа аймағынан 80 мыңға жуық адам көшіп келді, олардың 17 мыңға жуығы балалар. Бұл шамамен жыл сайын жаңа 15 мектеп салуға қажеттілік тудырады.

Қазақстанда ұстаздардың үстемақысы көтерілуі мүмкін

"Мемлекет мектепті жаппай салуға бұрын болмаған қаражат бөлсе де, осы мәселені толығымен шешу үшін бизнестің қатысуы өте маңызды. Жан басына қаржыландыру арқылы жекеменшік компанияларды мектептерді салу жұмысына тартуды барлық қалада бүгінгі күннен бастап қолға алу қажет. Республикалық бюджетте жекеменшік компанияларға инвестицияны қайтарып беру қаражаты қарастырылған, нормативтік базамыз бар, Астана қаласы бастап кетті. Облыстардың әкімдеріне осы мәселеге назар аударуды сұраймын", — дейді Ерлан Сағадиев.

Жаңалықтар
0