Қоғам

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмай тұрмыс құрған қыздардың саны қанша?

БҰҰ деректеріне сүйенсек, әдетте күйеу жігіт жасөспірім қалыңдықтан кем дегенде 10 жасқа үлкен
Sputnik

АСТАНА, 17 тамыз — Sputnik. Қазақстанда жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандармен 3 мыңдай неке тіркеледі, деп хабарлады БҰҰ-ның халық санағы қоры (ЮНФПА).

Кәмелеттік жасқа толмағандар – 18 жасқа толмаған жасөспірім қыздар.

"БҰҰ-ның кластерлік зерттеу деректеріне сүйенсек, Қазақстанда әйелдердің 8%-ы алғаш рет ресми немесе ресми емес некеге 18 жасқа дейін тұрған, олардың 5%-дан астамы 15-19 жасында өздерінен кем дегенде 10 жасқа үлкен ер-азаматтармен отау құрған", — деп хабарлайды ЮНФПА.

Зерттеу барысында анықталғандай, кәмелеттік жасқа толмаған келіншектер сексуалды, экономикалық, физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылыққа тап болады.

Имам 11 жасар қызға үйленді

"Бізге әбден қиналып, тығырыққа тірелген қыздар хабарласады. Қоңырау шалып, күйеулерінен тығылып келіп жатады. Мүмкіндігімізше көмектесіп, дағдарыс орталығына жөнелтеміз, бірақ ол жерде ұзақ қала алмайды", — деп мәлімет берді қиындыққа душар болған әйелдерге жәрдемдесетін үкіметтік емес қауымдастықтың өкілі ұйымға.

Атап өтсек, видеоролик әнші Калияның (Kaliya) "Қыз тағдыры" клипінің негізінде әзірленген. Орындаушының өзі айтқандай, "қазақтың салт-дәстүрінде қыздарды кемсіту, ар-намысын таптау жат қылық болып саналады".

Күйеуге тез шығудың амалы қандай?