Өңірлер

Жалдамалы жұмысшы ферма иесі мен екі баласын өлтіріп кетті

Фермер мен оның 17 жасар қызы және 16 жасар ұлы кісі қолынан ажал құшты
Sputnik

ТАРАЗ, 16 тамыз — Sputnik. Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жедел қызметкерлері фермерлік қожалықтың басшысы мен оның екі баласын өлтірген ер адамды бірнеше сағатта құрықтады.

"Үйден шық!". Әкеден қалған дүние үшін ағасы мен жеңгесін балталап өлтірді

Қанды оқиға Шу ауданы Далақайнар ауылына жақын жердегі фермада болған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бастапқыда екі мәйітті ғана табады. Ер адамды аулада өлтіріп кеткен, қызының денесі үй ішінен табылды.

"Оқиға орнын тінтіп, басқа да тергеу шараларын атқару барысында үйден 150 метр жерде бұта арасынан тағы бір мәйіт табылды. Ол фермердің ұлының денесі екен", — деп хабарлайды ІІД.

Шаруа қожалығында жалдамалы жұмысшылардың бірінің жоқтығын анықтаған полицейлер қылмыс жасаған сол деп пайымдап, бірден іздеу жариялайды.

Алматыда танымал дәрігердің ұлын өлтірген қылмыскер ұсталды

42 жастағы күдікті бірнеше сағатта қолға түсті. Фермадан ұрлап кеткен мотоциклмен жүріпті. Тінту барысында шаруа қожалығы басшысының үйінен тонаған ақша, бағалы заттар мен басқа да дүниелер табылды.

Бұл оның үш кісіні өлтіргенін мойындауға жеткілікті болды. Қазір қылмыскер тергеу абақтысында отыр.

Ер адам ашынасын өлтіріп, денесін еттартқыштан өткізіп лақтырған

Қанішер құрбандарының денесін үш ай бойы балконда сақтаған