Әлем

"Әзірет Сұлтан" Орталық Азиядағы ең зәулім мешіт мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте ашылатын жаңа мешітке 8 мың адамға дейін сыяды
Sputnik

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның Бас мүфтиі Бішкекте биылғы жылдың қыркүйек айында Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылатынын мәлімдеді.

Мешіттің құрылысы 2012 жылы басталған. Жобаны "Дианет" түркиялық қоры қаржыландырды. Құны – 25 миллион доллар. Бішкек билігі мешітке 3,5 гектар жер бөлген. 

"Мешіт өте әдемі болады. Осман империясы кезеңіндегі сәулет негізінде салынып жатыр. Ғибадатхананың өзіне 8 мың адамға дейін, ал оның аумағына 20 мың адамға дейін сыяды", — деді Қырғызстанның Бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтомышев Sputnik Қырғызстанға берген сұхбатында. 

Жаңа мешітті 2 қыркүйекте ашу жоспарланып отыр. Бұл күні Түркия президенті көшпенділер ойындарына келеді деп күтілуде. Ол имам Сарахси атындағы орталық республикалық мешіт деп аталатын болады. 

Бішкектегі имам Сарахси атындағы орталық республикалық мешіт

Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт саналатын Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешіті 2012 жылы ашылған болатын. 

Астанада "Алланың гүлі" атанған мешітті кім салдырғаны белгілі болды
Үш жыл ішінде салынып біткен мешіттің құрылысын Түркияның "Сембол Иншаат" компаниясы жүргізген. Мешіт үш қабаттан тұрады, 11 гектар жерде орналасқан мешіттің жалпы аумағы — 18 мың шаршы метр. Төрт мұнарасының биіктігі –77 метр. Бас күмбездің биіктігі 51 метр. Мешітке 10-12 мың адамға дейін сыяды. 

"Әзірет Сұлтанның" әлемнің өзге мешіттерінен ерекшелігі сексен пайыз ұлттық нақыш, ою-өрнек қолданылған. Күмбездегі ұлттық нақыштағы орнаменттерді жергілікті сәулетшілер қолдан құйып жасады.