Экономика

Теңге бағамы: Қазақстанда доллар арзандады

Астана мен Алматының айырбастау пункттері 15 тамызда долларды 360-362 теңге бағамымен сатып және сатып алып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 15 тамыз — Sputnik. Қазақстанның қор биржасындағы (KASE) таңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 1,1 теңгеге арзандады, америкалық валютаның құны 362,18 теңгеге дейін түсті.

Теңгенің тағдыры: сарапшылар тамыз айының соңына болжам жасады

Бұдан бұрын сарапшылар болжам жасағандай, ресейлік рубльдің нығаюы мен көтерілуіне байланысты теңгенің де құны артты.

Бейсенбі күнгі теңге бағамы күндізгі КASE сессияларының қорытындысы бойынша түстен кейін белгіленеді. 

Айырбастау пункттерінде доллардың бағасы қанша

Астана мен Алматы айырбастау пункттері сәрсенбі күні таңертең долларды 360-362 теңге бағаммен сатып және сатып алып жатыр.

Валюта бағамы неге күрт ауытқиды

Қазақстанның үш жыл бұрын теңгені "еркін айналымға" жіберген еді. Яғни, қазір ұлттық валюта бағамы нарықтық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.