Экономика

Теңгенің тағдыры: сарапшылар тамыз айының соңына болжам жасады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
14 тамызда Қазақстанның ұлттық банкінің бағамы бойынша бір АҚШ долларының құны 363,2 теңге болды

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 367 теңгеден немесе одан жоғары бағамда сатылып жатыр.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
Теңге, қайда барасың: доллар 365 теңгеден сатылып жатыр

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап барады. 14 тамызда көптеген айырбастау пунктінде доллар 367 теңгеден сатылуда. Кейбір жерлерде тіпті 368-369 теңге бағамды ұсынып отыр, деп мәлімет береді kurs.kz.

Дүйсенбі 13 тамызда KASE Қазақстанның қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессиялар бойынша доллар құны 363,22 теңге болған.

Ал 14 тамыздағы бағамы – бір АҚШ доллары үшін 363,2 теңге.

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы сауалнамасының дерегі бойынша, сарапшылардың пікіріне сүйенсек, тамыз айының соңында доллар бағасы 350,3 теңгеге түсуі мүмкін.

Жаңалықтар
0