Өңірлер

Өскеменде жол жөндеушілер жүргізушіге жарты миллион теңге төлеуге мәжбүр болды

Көлігі шұңқырға түсіп кеткен өскемендік жүргізуші жол жөндеушілерден жарты миллион теңге өндіріп алды
Sputnik

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Өскеменде көлігі жолдың шұңқырына түсіп кеткен жүргізуші сотқа шағымданып, жол қызметінен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Алтайньюс.

БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ

Қалалық соттың хабарлауынша, жүргізуші көлігім қатты зардап шекті деп "Қазавтожолдың" үстінен шағым түсірген. Жалпы материалдық шығынын 622 511 теңгеге бағалап, оған қоса 150 мың теңге сот шығынын талап еткен.

Сот барысында екі тарап медиацияның көмегімен келісімге келді. Жол қызметінің өкілдері жапа шегушіге 520 000 теңге өтемақы төлеуге уәде етті. Осылайша сот ісі аяқталды.