Өңірлер

Өскеменде жол жөндеушілер жүргізушіге жарты миллион теңге төлеуге мәжбүр болды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОйылған жолдар, архивтегі фото
Ойылған жолдар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлігі шұңқырға түсіп кеткен өскемендік жүргізуші жол жөндеушілерден жарты миллион теңге өндіріп алды

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Өскеменде көлігі жолдың шұңқырына түсіп кеткен жүргізуші сотқа шағымданып, жол қызметінен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ

Қалалық соттың хабарлауынша, жүргізуші көлігім қатты зардап шекті деп "Қазавтожолдың" үстінен шағым түсірген. Жалпы материалдық шығынын 622 511 теңгеге бағалап, оған қоса 150 мың теңге сот шығынын талап еткен.

Сот барысында екі тарап медиацияның көмегімен келісімге келді. Жол қызметінің өкілдері жапа шегушіге 520 000 теңге өтемақы төлеуге уәде етті. Осылайша сот ісі аяқталды.

Жаңалықтар
0