Әлем

Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады

Америкалық зерттеушілер бұл сұраққа таңғажайып жауап тапты
Sputnik

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. Америкалық ғалымдар өлім алдында адамның ағзасында қандай процесс болатынын анықтады. 

Ғалымдар қанша тамақ жесең де, семірмеудің амалын тапты

Жасушаның өлімі оның учаскелерінің біріндегі бұзылудан басталады, ал бұл "өлім белгісі" деп аталатын химиялық заттың бөлінуіне алып келеді. АҚШ-тағы Стэнфорд университетінің ғалымдары Джеймс Феррел мен Сяньчжуй Ченг осындай қорытынды жасап отыр. 

Олардың айтуынша, химиялық зат "триггер толқынын" тудырады, бұл реакция біртіндеп жасушаның басқа учаскелеріне әсер етіп, осындай "белгілерді" қоздырады.

Сондай-ақ, бір жасушаның өлімінен кейін бұл процесс көрші жаусшаларда жалғасады. Ғалымдардың сөзінше, "триггерлік толқын" адамның ағзасында "өлім белгісі" біткенше тарала береді. Бұл "толқынның" жылдамдығын ғалымдар жасуша өлімінің жылдамдығы деп атады, ол минутына 30 микрометрді құрайды (сағатына 1,8 миллиметр).