Өңірлер

Екібастұз әкімі Түймебаевтың бірінші орынбасары болды

Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасарын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі
Sputnik

АСТАНА, 13 тамыз — Sputnik. Екібастұз әкімі Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бас көлік прокуроры тағайындалды

"Бүгін ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары  қызметіне тағайындалды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілеп, актив алдында таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Нүкенов жауапты қызметті сеніп тапсырған өңір басшысына алғысын білдіріп, өз міндетін барынша адал атқаратынын жеткізді", — деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 Қайрат Теміршотұлы Нүкенов 1970 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар облысы, Железин ауданы, Захаровка ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Железин орта мектебін бітіріп, еңбек жолын "Железин" кеншарының мал шаруашылық кешенінде жұмысшы ретінде бастады. 

Назарбаев Қазақстанның қорғаныс министрін тағайындады

1988-1990 жылдар аралығында әскери қызметін өтеді. Әскерден кейін "Трестжилстрой" шаруашылық есепті жастар  бірлестігінде экспедитор болып істеді. 1992 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарын атқарды. 

Қоғамдық даму министрі тағайындалды

2002 жылы  Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы Сібір мемлекеттік автомобиль жолдары академиясын "Экономика және кәсіпорындардағы басқару" мамандығы бойынша, 2014 жылы П.А. Столыпин атындағы  Омбы аграрлық университетін "Жеміс-көкөніс және жүзім шаруашылығы" мамандығы бойынша  тәмамдады. 

2012-2013 жылдар аралығында Железин ауданының әкімі, 2013 жылы  Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болды. 2014 жылдың  маусым айынан бастап Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі, 2016 жылдың сәуірінен бастап Екібастұз қаласының әкімі болып қызмет атқарды.