АСТАНА, 11 тамыз — Sputnik. Қытайдың солтүстік-батысындағы Вэйчжоу қаласының билігі жүздеген мұсылманның наразылық акциясынан кейін жаңа мешітті сүруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды The Times of Israel.
Жергілікті билік құрылысшылардың қажетті рұқсат қағаздарын алмағанын айтып, мешітті сүруді талап еткен. Шенеуніктер 10 тамызға дейін уақыт берген. Бұл осы аймақта тұрып жатқан этникалық мұсылмандардың наразылығын тудырып, олар 9 және 10 тамызда бейбіт акцияға шығады.
Басылымның хабарлауынша, тұрғындар мешіттің жанынан түн болғанша жергіліктің биліктің өкілдері келгенше дейін кетпей қояды. Шенеуніктер ғимаратты қалпына келтіру жоспары жергілікті халықпен келісілетінін айтып, оған дейін мешітке тиіспеуге уәде берген.