Экономика

Доллар қымбаттап жатыр

Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап жатыр, кейбір ақша айырбастау орындары долларды 363 теңгеге сатуда
Sputnik

АСТАНА, 11 тамыз- Sputnik. Валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 360-363 теңгеге сатылып жатыр.

Доллар бағамы 350 теңгеге жақындады

Kurs.kz сайтында бірқатар ақша айырбастау орындарында АҚШ долларының құны 360-362 теңгеге жеткен.

Ұлттық банктің 11 тамызға бекіткен бағамы — бір доллар үшін 356,8 теңге.

Айта кетейік, жұма күні теңге өзінің антирекордын тағы да жаңартты. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша теңге 356,80 теңгеге дейін құлдырап кетті.

Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Иван Марчена қазақстандық валютаның құлдырауын болжаған еді, өйткені рубль әлсіреп, мұнай арзандап жатыр.