АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Мәскеуде 15 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалықтар агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.
Агенттіктің жазуынша, 8 тамызда полицияға 1977 жылы туған әйел хабарласып, белгісіз біреудің 8-сыныпта оқитын 15 жасар қызын пәтерде зорлап кеткені туралы арыз берген.
"9 тамызға қараған түні әйел айтқан пәтерде 22 жастағы кіші сержант ұсталыпты. Құқық қорғау органдарында 2017 жылдан бері істейді екен. Ер адамға анасының пәтерінде 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімет береді дереккөз.
Ұсталған жігіттің өзі айтқандай туристік полиция қызметкері болып істейді екен. Тергеушілер оқиғаның анық-қанығын тергеп жатыр.