Өңірлер

ШҚО-да балаларымен бірге суға батып кеткен имамның мәйіті табылды

Бір отбасының үш адамы бір-бірін құтқарамын деп, қатты ағып жатқан өзенге батып кетті
Sputnik

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. Құтқарушылар екі аптадай бұрын Қара Ертіс өзеніне екі баласымен бірге батып кеткен Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының мәйітін тапты, деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.

Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті

Трагедия 29 шілдеде болды. Жергілікті имам болған ер адам 8 жасар ұлын құтқаруға тырысқан. Оларға үлкен ұлы – 19 жастағы жігіт көмекке келеді. Дегенмен үшеуін де су ағызып әкеткен.

Суға батып кеткендерді іздеу сол мезетте басталды. Баланың мәйіті 1 тамызда судан шығарылды. 

"Кеше полиция қызметкерлері мен 60 жергілікті тұрғын өзенде іздеу жұмыстарын жіүргізді. Олар 1982 жылы туған ер адамның мәйітін тапты. 1999 жылғы жігіттің мәйітін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр", — деп жазылған хабарламада. 

ТЖД мәліметінше, іздеу жұмыстарын қатты ағыс пен судың лайлануы қиындатып отыр.