Өңірлер

Оралда 9 жасар бала көлік айдап әкетіп, апатқа ұшыраған

Кішкентай көлік ұрлаушы екі рет жол апатына ұшырап, өзі зардап шекпеген
Sputnik

ОРАЛ, 10 тамыз — Sputnik. Орал қаласында тоғыз жасар бала үш күн ішінде екі көлікті айдап әкетіп, екі рет жол апатына ұшыраған.

Балақай Toyota микроавтобусын 9 тамызда кешкі уақытта айдап әкетті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

ТҚКС жұмысшылары қымбат көлікті айдап әкетіп, жол апатына ұшырады

Көлік иесінің айтуынша, автобусты көшеге тастап, досының үйіне қонаққа кірген. Біраздан соң үйіне қайтайын деп шықса, көлігі орнында жоқ, ер адам полицияға бірден хабар береді. Көлік иесі ескі машинаға ұрлықшылар назар аудармайтын шығар деп есігін жаппаған екен.

Біраз уақыт өткен соң полиция микроавтобустың табылғанын хабарлайды. Жас көлік ұрлаушы рөлге ие бола алмай, көпірдің бетон тіреуіне соғылған соң ұсталыпты.

Алматы полициясы көлік ұрлаушылардың соңынан қуды

Айтпақшы, полицейлер автоұрыны бірден танып қойды. Осыдан үш күн бұрын бала біреудің Suzuki көлігін ұрлап, жеңіл-желпі апатқа ұшыраған.

Алғашқы оқиғаның өзінде жеткіншектің әкесі қатты таңғалды, оның айтуынша, сәл бұрын баласы үйде көбейту кестесін жаттап отырыпты.

Астанада ер адам эвакуатормен көлік ұрлаған