Әлем

Туған қыздарын зорлаған: әкесін өлтірген апалы-сіңлілердің анасы сұхбат берді

Мәскеуде әкесін өлтірген үш қыздың анасы неліктен күйеуімен бірге тұрмағанын, отбасынан кетуге не мәжбүрлегенін айтып берді
Sputnik

АСТАНА, 10 тамыз — Sputnik. 27 шілде күні Мәскеудегі тұрғын үйде 57 жастағы Михаил Хачатуряннің мәйіті табылды. Ер адамның мойын және кеуде тұсына 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Кейінірек оның 17-ден 19-ға жасқа дейінгі туған қыздары өлтіргені анықталды, үш қыз да қамауға алынды.   

Зейнеткер саяжайдағы үйінде немересінің 8 жасар құрбысын зорлап тастады

Таяуда қыздардың анасы – 39 жастағы Аурелия Дундук "Андрей Малахов. Прямой эфир" бағдарламасына телесұхбат берді. Онда ол соңғы жылдары неліктен қыздарымен бірге тұрмағанын, отбасынан кетуге не мәжбүрлегенін түсіндірді.   

Әйел Михаил ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Ол ұзақ уақыт шыдап баққан, алайда ақыр соңында кетіп қалуға шешім қабылдапты. Балаларын күйеуі жібермеген.

"Мені атып тастаймын деп қорқытты. Онымен бірге зомби секілді өмір сүрдім: адамдарды көрмедім, айналадағы ешқандай жақсылықты, қуанышты байқамадым. Тозақтан жаман болды", — деп шынын айтты Аурелия.

"Менің жеке өмірім болған жоқ. Бастан ұратын әдеті бар еді. Иә, шыдадым, мәжбүр болдым, өйткені балаларымды менен басқа қорғайтын ешкім болмады. Ешқашан оларды ренжітуіне жол бермедім, бар қиындықты өзіме алатынмын", — деді ол. Оның айтуынша, отбасы үйрейленіп өмір сүрген.  

Күйеуінен кетіп қалған сайын, Хачатурян оны іздеп тауып, қайтарып әкеліп отырған. 

Абай ауылында үш жыл бойы зорланған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді 

"Бұл жолы қызық болды, ол мені тауып алатын шығар деп ойлағанмын. Мені сол күйі іздеген жоқ. Алайда ол балаларға тиіседі деген ой үш үйықтасам түсіме кірмепті", — дейді апалы-сіңлілердің анасы.

Дундук сондай-ақ өз балаларымен болған қысқа әңгімелер жайлы айтып берді.  

"Олар: "Анашым, бұл сұмдық, әрі қарай білмей-ақ қойғаның жақсы" дейтін. Олар маған нақты ештеңе айтқысы келмеді. Мен әкесі туған қыздарын зорлап жүргенін білген жоқпын, туған әкесі бұлай жасайтыны ойыма кіріп-шықпады", — деді ол студияда.

Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады

Апалы-сіңлілер анасына шағымданбаған: "Олар бәрін жасырды. Мен балаларым үшін неге болса да дайын екенімді білді".  

Әйел Михаил Хачатурян мүлікті қыздарының атына рәсімдемегенін атап өтті, деп жазды life.ru. 

"Барлық ақша, ірі сомалар оның анасы мен әпкесінің атына рәсімделген. Ал олар қазір қандай да бір оңбаған үшін түрмеде отыр. Одан да мені өлтіргені жақсы еді. Қыздарым азап шегіп жатыр", — деп ашынды Аурелия.