АСТАНА, 2 тамыз — Sputnik. Петербург түбіндегі Раглицы ауылында егде жастағы ер адам үшінші сынып оқушысын зорлады. Ленинград облысы бойынша Ресей ТК бас тергеу басқармасының баспасөз қызметі жедел топ азғынды ұстағанын хабарлады.
Тергеу нұсқасы бойынша, 68 жастағы зейнеткер саяжайдағы үйінде кішкентай қызды зорлаған.
28 шілде күні түскі бірлер шамасында 8 жасар қыз ер адамның немересіне қонаққа келген. Үйде екі қыз бен зейнеткерден басқа ешкім болмапты.
Екі күннен кейін, 30 шілдеде, жәбір көрген қыздың анасы құқық қорғау органдарына жүгініп, полицияға мән-жайды баяндап берді, деп жазады life.ru.
Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған зейнеткер кінәсін мойындады. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: Педофил өзі зорлап өлтірген қыздың жерлеу рәсіміне қатысқан