Қоғам

Қазақстанда белгілі шетелдік телеарналар хабар таратуын тоқтатты

Шетелдік телеарналар "Теледидар және радио хабарларын тарату туралы" заңның талаптарын сақтамаған
Sputnik

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Ақпарат және коммуникация министрлігі 88 шетелдік телеарнаның тіркелгені туралы куәлігін қайтарып алып, Қазақстан аумағында хабар таратуын тоқтатты. 

Қазақстанда телеарналар хабар таратуды тоқтатады

Бұл 2018 жылдың 9 қаңтарында күшіне енген "Теледидар және радио хабарларын тарату туралы" заңның талаптарын орындамаған. Оған сәйкес Қазақстан аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле және радиоарналар алты ай ішінде заңды тұлға ретінде тіркелуге немесе өкілдігін (филиалын) тіркеу қажет болды. 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде қазір 307 шетелдік теле және радиоарна тіркелген, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашты, ал 88-і ашпаған. Заң талаптарын сақтамаған танымал телеарналардың ішінде "НТВ-Плюс 3D", MUSICBOX, RU.TV, "Боец", "Футбол", Fox News Channel, Russia Today TV, Bloomberg Television және  THT-Comedy бар.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет. Хабар таратуын тоқтатқан шетелдік телеарналардың тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Қазақстан телеарналары ақ-қара түсті хабар таратты