АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Қазақстанда сәрсенбі күні профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар хабар таратуды тоқтатады, деп хабарлады "Қазтелерадио" компаниясы.
Профилактикалық жұмыстар 18 шілде күні Астана уақыты бойынша түнгі үштен кешкі беске дейін орындалады. Жұмыстарды жүргізу салдарынан телевизиялық және радио сигналдар жоғалып кетеді, деп ескертеді компания.
Сонымен бірге, "Қазтелерадио" компаниясы аталған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Биыл телеарналар хабар таратуды қаңтар және сәуір айларында тоқтатқан еді.