АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз еліміздің оңтүстігінен табылды, деп хабарлайды өңірдің полициясы.
Астана түбіндегі Қосшы ауылында тұратын мектеп оқушысы өткен жұмада 3 тамыз күні ата-анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған. Ешкімге ештеңе айтпаған ол, елордаға бет алады. Қыз баланың Астанада болғанын полицейлер Astra Bus көліктік картасын пайдаланғаны арқылы білді.
Бір жарым жасар сәби балабақшадан қашып кетті (видео)
Бойжеткен Астанадан Шымкентке дейін автобуспен жетіпті. Сол жерде танысына хабарласып, туыстарына жеткізіп салуды сұрайды.
Қазір оқушы қыз анасымен бірге Шымкент қаласында. Полиция бірбеткей қыздың отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.