Қоғам

Үйінен қашып кеткен қыз Astra bus картасының көмегімен табылды

© Photo : РixabayЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушы қыз ата-анасымен ренжісіп, ештеңе айтпастан үйінен кетіп қалған

АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз еліміздің оңтүстігінен табылды, деп хабарлайды өңірдің полициясы.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана автобустарында көліктік картаны енгізу - алғашқы нәтижелер

түбіндегі Қосшы ауылында тұратын мектеп оқушысы өткен жұмада 3 тамыз күні ата-анасымен ренжісіп, үйінен кетіп қалған. Ешкімге ештеңе айтпаған ол, елордаға бет алады. Қыз баланың Астанада болғанын полицейлер Astra Bus көліктік картасын пайдаланғаны арқылы білді.

Бір жарым жасар сәби балабақшадан қашып кетті (видео)

Бойжеткен Астанадан Шымкентке дейін автобуспен жетіпті. Сол жерде танысына хабарласып, туыстарына жеткізіп салуды сұрайды.

Қазір оқушы қыз анасымен бірге Шымкент қаласында. Полиция бірбеткей қыздың отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қостанайда алматылық қыз жоғалып кетті

Жаңалықтар
0