АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда ҰБТ өткізу процесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Министрлікке педагогтар мен ата-аналар тарапынан жыл бойы ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуде. Оның ішінде ҰБТ мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқаратындықтан, осы екі тестілеуді бірге өткізу мәселесі бар. Екіншіден, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату қажет. Үшіншіден, мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде "пробный" тесттерін өткізбейміз деп отырмыз. Төртіншісі, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне – қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар",- деді Сағадиев үкімет отырысында.
Министр жоғарыда айтылған ұсыныстар Тамыз конфернциясында кеңінен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданатынын атап өтті.