Өңірлер

Ауа райы болжамы: қатты жел соғып, бұршақ жауады

7-9 тамызға арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Фотофакт: Астанада жауған бұршақ Пирамиданың шынысын қиратты

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады, кей жерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасы 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін көтеріледі.

Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауаның ығысуына байланысты 9 тамызда ыстықтың беті қайта бастайды, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.