АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Астанада күтпеген жерден тұрған дауылдан халық арасында "пирамида" деп аталып кеткен бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сатыр-сұтыр жауған бұршақ бірегей ғимараттың шынысын сындырды.
Бұл фактіні ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады.
© SputnikАстанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді
Астанада дауылдан Бейбітшілік және келісім сарайы бүлінді
© Sputnik
Астанада бүгін таңертең күн ашық болып, ауа температурасы 23 градусқа дейін көтерілді. Бірақ түс кезінде күтпеген жерден аспанға қара бұлт үйіріліп, қатты жел тұрып, бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйды.
Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада кешке қарай ауа температурасы 11 градусқа, ал ертең 8 градсқа дейін төмендейді.