АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Италияның Болонья қаласындағы автожолда болған жойқын жарылысты куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды РИА Новости.
Төтенше оқиға әуежай маңындағы автожолда болды. Жол апатына ұшыраған бензин тасымалдаушы көлік жарылып кеткен. Жалын өзге де көліктерді шарпып, олардың да күлі көкке ұшады. Жойқын жарылыс салдарынан көпір жартылай бұзылып қалды.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апат салдарынан бір адам қаза тауып, 55 адам зардап шекті.
Болонья қаласы сыртындағы автожолдарда қозғалыс тоқтатылған. Оқиға орнында дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
Жарылыс салдарынан әуежай зардап шеккен жоқ, барлық қызметтер кесте бойынша жұмысын жалғастыруда.