Әлем

Бензин тасымалдаушы көліктің жарылған сәті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Виталий Аньков / Фотобанкке өтуБензин тасымалдаушы көлік, архив сурет
Бензин тасымалдаушы көлік, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Италияның Болонья қаласындағы жойқын жарылыстың видеосы жарияланды

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Италияның Болонья қаласындағы автожолда болған жойқын жарылысты куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды РИА Новости.

Төтенше оқиға әуежай маңындағы автожолда болды. Жол апатына ұшыраған бензин тасымалдаушы көлік жарылып кеткен. Жалын өзге де көліктерді шарпып, олардың да күлі көкке ұшады. Жойқын жарылыс салдарынан көпір жартылай бұзылып қалды.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апат салдарынан бір адам қаза тауып, 55 адам зардап шекті.

Болонья қаласы сыртындағы автожолдарда қозғалыс тоқтатылған. Оқиға орнында дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Жарылыс салдарынан әуежай зардап шеккен жоқ, барлық қызметтер кесте бойынша жұмысын жалғастыруда.

Жаңалықтар
0